Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімі 4, 5 және 6 санаттары бойынша бекітілген аумақтағы ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Бұл қызмет қалалық жедел жәрдем станциясынан қоңырауды бағыттау арқылы халыққа қолжетімді.
Бізде үздіксіз білім беретін білікті, білімді мамандар жұмыс істейді. Әрбір маман өз ісіне толық берілген, науқастарға дер кезінде қажетті көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.