ҚАУІПСІЗ ЖОЛ – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕН БАСТАЛАДЫ!
Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. 👨👩👧👦
Балаларға жол жүру ережелерін еске салайық:
🔹 Тек тротуармен жүріңіз; 🔹 Жолдан өтпес бұрын тоқтап, жан-жағыңызға қараңыз; 🔹 Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және бағдаршамның рұқсат етілген белгісінде кесіп өтіңіз; 🔹 Жолдан өтерде солға, оңға және қайта солға қараңыз; 🔹 Жол үстінде телефонға алаңдамаңыз, құлаққапты шешіңіз; 🔹 Қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланыңыз. ✨
👨👩👧 «Үй – мектеп – үй» бағытын балаңызбен бірге алдын ала жүріп өтіп, қауіпсіз маршрутты көрсетіңіз.
💚 Балаға жол ережесін үйрету – оның өмірі мен денсаулығын қорғау!