Хабарландыру

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуші денсаулық сақтау субъектілеріне азаматтарды тіркеу науқанының басталуы туралы

 Хабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу Қағидаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген және ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтер сатып алу ережесіне және 7 тамыз, 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №.591 бұйрығымен бекітілген МӘМС сәйкес 2019 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қараша аралығында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі–АМСК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды тіркеу бойынша науқан басталғандығы туралы хабарлайды.  

 Бекіту науқаны тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге өтініш берген денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген денсаулық сақтау ұйымдарының арасында ғана жүзеге асырылады.

Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу олардың сұранысы бойынша «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

FaLang translation system by Faboba