Мақсаты мен міндеттері

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, азаматтардың денсаулығын жақсарту, қажетті көлемде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Image

1.Амбулаторлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек және алғашқы медициналық-санитарлық көмек, сонымен қатар амбулаторлық-емханалық медициналлық көмек, дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

2. Балалар мен ересектерге, қызмет көрсетілетін ауданның тікелей кәсіпорнына, үйіне, сонымен қатар ақылы негізде білікті көмек көрсету.

3. Профилактикалық медициналық тексерістер және аурудың алдын алу және азайту бойынша ісшаралар өткізу, әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қауіп факторлардың жасырын және ерте түрлерін ерте анықтау;

4. Экстрагенитальді патологиясы бар фертильді жастағы әйелдер, ересектер мен балалардың онкологиялық және басқа да ауруларының, жүрек-қан тамыры ауруларының жоғары қаупімен ауратын тұлғалардың диспансеризациясын жүзеге асыру және ұйымдастыру ;

5. Жіті және аяқасты аурулар, жарақаттар, улану және басқа да жазатайым жағдайлар кезінде науқастарға алғашқы жедел көмек көрсету;

6. Емделушінің жас ерекшелігі және ауруының профиліне сәйкес емделушілерді алдын ала тексерісімен бірге стационарлық емдеуді қажет ететін тұлғаларды уақытылы госпитализациялау;

7. Профилактикалық тексерістің (жұмысқа кірер кездің алдын ала, кезеңдік, мақсатты және басқа да) барлық түрлерін, сонымен қатар ақылы негізде де;

8. Балалар мен ересектердің, сонымен қатар динамикалық бақылауға жататын тұлғалардың диспансеризациясы;

9. Жеңілдетілген еңбек жағдайын қажет ететін тұлғаларды рационалды жұмысқа орналастыру, санаторий-курорттық емге сұрыптау бойынша ұсыныстар, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық сараптамасы;

10. Еңбекке жарамсыздығын тұрақты жоғалтқан белгісі бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жолдау;

11. Мына мамандар бойынша ересектерге консультациялық-диагностикалық көмек: акушерия және гинекология;

12. Педиатрия мамандығы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

13. Белгіленген тәртіпте вакцинопрофилактикалар, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық ісшаралар өткізу;

14. Санитарлық-гигиеналық тазалықты, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыруды жүзеге асыру.

FaLang translation system by Faboba