АҚМКБМ

2021 жылдың 31 наурызында ШЖҚ «№6 қалалық емхана» МКК-да «Денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық сенім комитетінің» (бұдан әрі - ҚСД) қорытынды отырысы өтті.


Отырыста 2020 жылдың наурызында басталған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг пен халықпен кері байланыс механизмі» (бұдан әрі АҚМКБМ) жобасының қорытындылары шығарылды.

 Жобаның барлық кезеңінде халықпен 22 фокус-топ және қызметкерлермен 23 фокус-топ, сондай-ақ ҚСД комитетінің 10 отырысы өткізілді.

Жоба барысында тұрғындар мен қызметкерлер тарапынан 31 мәселе айтылды, бүгінгі күнге дейін соның ішінде 23 мәселе шешілді, ал 8 мәселе шешілу процесінде қалды, өйткені олар қосымша уақыт пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісуді қажет етеді.

АҚМКБМ жобасының барлық кезеңінде шешілген негізгі мәселелер қысқа мерзімді болды және біздің медициналық ұйымның тарапынан тікелей шешімдерді талап етті.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен біздің ұйым шешкен маңызды мәселелердің бірі, бұл коронавирустық инфекцияның РНҚ-сын анықтауға арналған ПТР зертханасының ашылуы.

АҚМКБМ жобасы тіркелген тұрғындардан кері байланыс алуға мүмкіндік бергенін және тұрғындар мен медициналық ұйым мамандарының тарапынан айтқан көптеген мәселелер осы жобаның арқасында шешімін тапқанын атап өткен жөн.

Жобаға қатысқан біздің ұйымның басшылығы мен қызметкерлері фокус-топтар мен ҚСД отырыстарын өткізудің медициналық қызметтердің сапасын арттыру және тіркелген халықтың қанағаттануы үшін маңыздылығы мен пайдалылығын атап өтті.

FaLang translation system by Faboba